Қамысты ауданының полиция қызметкерлері «Рефлекс» операциясын жүргізу кезінде 44 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Ауыл тұрғынының үйінде санкцияланған жеке тінту барысында 14 келі марихуана тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған зат есірткі – кептірілген марихуана болып шықты.
Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі заттарын өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Жыл басынан бері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 180 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі», — деді Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Аят Қартбаев.
Фото: polisia.kz