«Облыста автокөлік жолдарының ұзақтығы республика бойынша арақашықтығы ең үлкен өңір болып табылады және ол 9,5 мың шақырымға созылып жатыр. Жолдардың 43 пайызын қанағаттанарлықсыз жағдайда деп санаймыз», - деді әкім.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, 2014 жылы орта жолдарды, елді мекендердің көшелерін қайта жаңғыртуға, жөндеуге, 18,1 млрд. теңге бағытталды. Өткен жылмен салыстырғанда, бюджеттік қаражат көлемі 8 пайызға өсті. Жалпы биылғы жөндеу жұмыстарынан кейін өңірде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі тағы 3 пайызға артты.