Биыл «Нұрлы жер» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары шеңберінде сумен жабдықтау және кәріз құбырларын өткізу бойынша 57 жоба жоспарланған.
«37 арнайы жоба «Нұрлы жер» арқылы, 20-сы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге бюджеттен бөлінген 15,2 млрд теңге игерілуде. Биыл 31 мыңнан астам тұрғыны бар 29 ауыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ 5 қалада су құбыры желілері мен кәріз жүйелерінің тозған тораптары жөнделетін болады. Елді мекендерді ауыз сумен жабдықтауға байланысты тағы 26 жоба 2021 жылы жүзеге асырылады», - делінген әкімдіктің ақпаратында.
Облыста алдағы екі жыл ішінде 72 мыңнан астам тұрғыны бар 67 ауыл сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмек.