Облыс әкімі Сергей Кулагин осы жылы астықтан бұрын-соңды болмаған өнім жиналғандығын, сондай-ақ қостанайлық егіншілер «әлемдегі ең таңдаулы» екендіктерін атап өтті. Өңір басшысы ҚР-ның Премьер-Министрі атынан қостанайлық малшылар мен диқандарға, сонымен қатар шенеуніктерге алғысхаттар табыстады. Жақында Қазақстанның Еңбек Ері атанған Валентин Двуреченскийдің сіңірген еңбегі ерекше аталып өтті. Валентин Двуреченский егін өсірудің жаңа технологияларын енгізе отырып, соңғы жылдары рекордтық көрсеткіштерге жетіп келеді.
Жиынның қатысушыларына ресми басқосудан қошемет көрсетілді.