АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Астана қаласындағы Қостанай облысының күндері аясында ұйымдастырылған «Қазанат» ипподромындағы ұлттық спорт түрлері жарысына келді. Бұл жайлы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды.
15 шақырымдық бәйгеден топ жарып келген Жамбыл облысының өкілі Ілімбек Бұрғанақовқа облыс әкімі су жаңа Ravon Nexia автокөлігінің кілтін табыстады.
21 шақырымдағы аламан бәйгеде жеңімпаз атанған Рахмен Әлішерге де отандық өндірістегі JAC S3 автокөлігі сыйға тартылды.
Ал, қазақша күрес бойынша жеңімпаз атанған қостанайлық Ерлан Омаровқа 700 мың теңге ақшалай сыйлық берілді.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.