Қостанай облысының білім басқармасы 2021 жылы заманауи STEM зертханаларын сатып алу үшін 200 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Жоспарға сәйкес оқушылар инженерлік іс, бағдарламалау, 3Д модельдеу, робототехника бағыттары бойынша қосымша білім алады. Жалпы соңғы үш жылда облыста жалпы сомасы 400 млн теңгеге 74 IT сынып және 34 робот техникасы кабинеті ашылды, олардың басым бөлігін облыс меценаттары сатып алған болатын.
«Биыл облыстың мектептерін бейнебақылау камераларымен қамтамасыз ету жұмыстары толығымен аяқталды. Оған 187 млн теңге қаржы жұмсалды. Сонымен қатар әр мектепке арнайы санитарлық кешендер қойылды. Онда антисептик пен маска, қолғап, төсеніштер бар. Шалғай ауылдардан келетін оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыру мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Бүгінде 2,5 мыңнан астам бала мектепке арнайы көліктермен тасымалданады. Автокөлік паркін жаңарту және толықтыру үшін үш жылдық жоспар әзірленді, оның шеңберінде осы жылы 186 млн.теңгеге 13 мектеп автобусы сатып алынды. 2021 жылы 242 тағы 12 автобус сатып алу жоспарланып отыр. Жалпы 2021 жылы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 5,6 млрд.теңге бағытталады», - дейді облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Бәйменова.
Өңірде арнайы білім беру мәселесі ерекше назарда. Тұңғыш Президент қорының бастамасымен Рудный қаласында және Қарасу ауданында 2 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Арқалық және Рудный қалаларында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің құрылымдық бөлімшелері жұмысын бастады.