Қостанай облысының бас полицейі жастарды жұмысқа шақырды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының аудандарында полиция кадрларының тапшылығы байқалады. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ардақ Ынтықбаевтың сөзінше, бұған дейін өңіргеқарасты полиция басқармалары мен бөлімшелерінде кадр жасақтау мәселесікөтерілді. Енді тәртіп сақшылары қатарын толықтыру үшін бірқатар жұмысатқарылмақ. Жергілікті жерде жастармен кездесулер ұйымдастырылып, ішкі істерорганына қызметке орналасу жеңілдіктері (баспанамен қамту, қаржылай көмеккөрсету) қарастырылады. Қазіргі уақытта кадр тапшылығы Қостанай және Рудныйқаласы мен Жітіқара, Сарыкөл аудандарында айқын байқалады.

«Ішкі істер органдарында тек білімді әрі физикалықдайындығы мықты азаматтар ғана жұмыс істей алады. Талап тым жоғары. Соған қарамастан ынталылар да көп, тектүсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде жүрмей жатыр. Әсіресе, ауылдық жерлерде кемшін тұстар бар. Бүгіндеполиция қызметінің жауапкершілігімен қатар, әлеуметтік мәртебесі және қаржылықжағдайы да көтеріліп келеді. Сондай-ақ, органда жұмыс істейтін азаматтарғабасқа да жеңілдіктер қарастырылған», - дейді полиция полковнигі АрдақЫнтықбаев.

Расымен де, қазір жастардың шалғай ауылдарға барғысыжоқ. Дегенмен, аудандық полиция бөлімшелері жоғары оқу орындарындағы, әскериборышын өтеп жүрген жастармен жұмыс істеуге көшті. Тіпті, өзге облыстағыжастарға да ұсыныс айтуда. Мәселен, Рудный қалалық полиция басқармасына жуырдаТүркістан облысынан жас мамандар келмек.


«Полиция мамандығын көбі қауіпті санайды. Бірақ отанды қорғайтын, ішкі тәртіпті сақтайтын адамныңболуы бәрінен маңызды. Мінсіз жұмыс істесең, елдің игілігінебөленесің. Сондықтан, еліміздегі жастарды полиция қатарында қызмет етугешақырамыз. Біз өзіміз бастап лайықты азаматтарды қызметке қабылдауға әзірміз», - депсөзін түйді Ардақ Ынтықбаев.