Сарапшының айтуынша, қазіргі уақытта геопорталды құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы осы мақсатта мемлекеттік сатып алу конкурсын жариялады. Аталмыш геопорталдың техникалық ерекшелігі - Қостанай және Рудный қалаларының кезекші топографиялық жоспарларының (электрондық карталарының) бас жоспарларын біріктіру. Бұған қоса, АrgGIS форматында әзірленген үш қаланың және жиырма үш елді мекеннің векторлық жоспар-схемаларының материалдары да геопорталға бірігеді.
«Осы жобаны іске асыру 2 мемлекеттік қызметті автоматтандыруға мүмкіндік береді. Олар: жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, құрылыс және қайта жаңарту (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну. Бұдан бөлек, жер учаскелерін сату бойынша сауда-аукциондар өткізу туралы анықтамалық ақпарат алу, кадастрлық (бағалау) құнын есептеу, сондай-ақ жеткізушімен және тапсырыс берушімен келісім бойынша екі қосымша қызмет алу мүмкіндігі қарастырылатын болады»,- деді Наурызбай Бегежанов.
Жалпы, онлайн-картаны әзірлеуге жергілікті атқарушы органдар 51 млн теңге бөлді. Келесі жылдың мамыр айында гепортал іске қосылмақ.