Қостанай облысының ІІБ ғимаратына оқ атқан адам ұсталды

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Меңдіқара аудандық ІІБ ғимаратына оқ атқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, белгісіз біреу Қостанай облысындағы Меңдіқара аудандық ІІБ ғимаратына оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен. 

 «ІІБ ғимаратына оқ атқан адам ұсталды. Ол 35 жастағы Меңдіқара ауданының тұрғыны. Күдікті осыған дейін де жауапқа тартылған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді облыстық ІІД криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Рахимов.
 

Аталған факт  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары басталды.

Соңғы жаңалықтар