Қостанай облысының ІІД-де «генералдар галереясы» ашылды

None
ҚОСТАНАЙ. 26 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстандық полицияның 20 жылдығына орай Қостанай облыстық ІІД-де «генералдар галереясы» ашылды.

Галереяны Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов пен Қостанай облыстық ІІД-нің бастығы Тілеген Мәткенов ашты.

Облыс басшысы: «Полиция тәртіпті тәуелсіздігіміздің бастапқы қиын жылдарында қадағалауға алды. Қазір оның материалдық базасы жылдан жылға нығая түсуде. Полицияның бірінші жетекшілері алдарына қойылған міндеттерді абыроймен атқарды. Біз тарихымызды ұмытпауымыз керек, ал олардың есімдері аймақ полициясымен байланысты», - деп атап өтті.

Танымал қазақстандық суретші Юрий Новоселов Тәуелсіздіктің 20 жылында Қостанай полициясын басқарғандардың портреттерін салды. Суретші 59 жаста. Ол портреттермен, экслибрис және компьютерлік графикамен айналысады. 2011 жылы ол Қазнет логотипін жасау бойынша байқаудың жеңімпазы атанды. «Мен үшін бұл әдеттен тыс жұмыс болды. Өз еңбектерімен полицияны құрған сегіз генералдың портретін салдым», - деп атап өтті суретші.