Марат Жұрқабаев 1998 жылы Арқалық педагогикалық институтын, 2007 жылы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін тәмамдаған.
Мұның алдындағы қызметтері бойынша Қостанай, Лисаковск қалалары әкімдерінің орынбасары, білім басқармасы басшысының орынбасары, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің директоры болды.
Бүгінгі күнге дейін Қостанай облысының Жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасының бастығы қызметін атқарды.