Ауа райының күрт өзгеруіне Қара теңізден қар аралас жаңбыр алып келген оңтүстік-батыс циклоны ықпал еткен.
«Қазір циклон біртіндеп ауысып барады. Алайда ол қайта айналып келеді. Алдағы күндері желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерде 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -5-10, кейбір жерлерде -15 градусқа дейін суытады, ал күндіз 0 5 градусты көрсетеді. Күн райы әлі де құбылмалы болады», - деді «Қазгидромет» РМК Қостанай облысы бойынша филиалының кезекші синоптигі Ирина Жиляева.
Ирина Жиляева мәлім еткендей, облыс бойынша ең көп қар Қарасу ауданына түсті. Онда қар айлық норма 23 мм-ден асып, 28 мм-ге дейін жетті.