Қостанай облысының дін істері басқармасының хабарлауынша, 200 орындық мешіттің құрылысы 2014 жылы басталған. Мешіт негізінен демеушілердің көмегімен бой көтеріп отыр. Лисаковсктағы бұрынғы «Әс сәлам» мешітінің бас имамы Серік қажы Темірбекұлы демеушілерді ортақ жұмысқа тартқан. Құрылыс жұмыстарына 105 млн теңге жұмсалған.
Мешіттің аумағы 380 шаршы метрді құрайды. Негізгі құрылыс жұмыстарын «Қарасай» ЖШС жүргізген. 40 мыңдық халқы бар Лисаковск қаласындағы бұл екінші мешіт болып отыр.
Фото Максим СУШКО
top-news.kz