«Жыл басынан облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 860,4 млрд теңгенің өнімін өндірді. Айтарлықтай өсім көбінесе индустрияландыру жылдарында инвестициялық жобаларды іске асырған кәсіпорындардың арқасында мүмкін болды», - деді облыс әкімі Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Мәселен, оның дерегінше, өңдеу өнеркәсібі машина жасау өнімдері өндірісін, металл бұйымдары өндірісін және тамақ өнімдерін ұлғайту есебінен 14,6 пайызға айтарлықтай өсімді көрсетіп отыр.
«Жалпы, өсу резервтері ретінде, таяу жылдарға арналған, шамамен 6,2 мың жұмыс орны ашыла отырып, 2,0 трлн теңге тұратын 80 жобалық пул қалыптастырылды. Олар экономиканың индустриялдық секторын дамытуға және өнеркәсіптік өндіріс көлемдерінің айтарлықтай өсуіне ықпал ететін болады», - деді Архимед Мұхамбетов.