Қостанай облысының прокуратурасы мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мекемелердің жұмыстарынан бірқатар кемшіліктер анықтады

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Қостанай облысының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау және қолдауға бағытталған заңнаманың білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мемлекеттік органдарында қолданылуын тексерді.

«Тексеру қорытындыларына сәйкес облыста арнайы білім беру ұйымдары жүйесінің дамымағандығы, олардың материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етілмегендігі және тағы бірқатар кемшіліктер анықталды. Олардың жасап жатқан жұмыстарының заңдылығы мен тиімділігі прокуратура тарапынан сынға алынып отыр», делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Қазіргі таңда Қостанай облысында Қостанай, Рудный мен Арқалық қалаларында 4 психологиялық-медициналық педагогикалық консультация қызмет етуде. Тексеру консультациялардың Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңның 26-бап 1-бөлімі талаптарына сәйкес медициналық және дәрігерлік қызметпен айналысуға лицензиялары жоқ екенін көрсетті. Оған қоса, Қостанай (115 ш.м. аумақ), облыстық (78,7 ш.м.) және Арқалық консультациялары (72 ш.м. аумақ) тиісті көлемдегі (150 ш.м.) бөлмелермен қамтамасыз етілмеген болып шықты.

Мысалы, Қостанай облысында 271 баланың көру қабілеті нашар, 724-нің тірек-қозғалыс мүшесі, 3 571-нің сөйлеу қабілеті бұзылған, 356-ы жүйке ауруларына шалдыққан. Осыған қарамастан, бұндай балалар үшін бүгінгі күнге дейін дербес түзеу мектептері ашылмаған.

Жұмыстың сапасы мен нәтижесі білікті де білімді маман кадрлерге тығыз байланысты екені белгілі. Алайда, барлық дерлік консультацияларда әртүрлі штаттық бірліктерде дәрігер-сурдолог, дәрігер-невропатолог, офтальмолог, тифлопедагог, сурдопедагог, әлеуметтік педагог, санитар, тағы басқа мамандардың тапшылығы анықталды.

Осы тектес жағдай облыстағы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде кездесіп отыр.

Заң талабына қарамастан, бүгінгі күні Қостанай қаласында оңалту орталығы, Алтынсарин, Жангелді, Қамысты, Қарасу және Таранов аудандарында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері жоқ. Ал, бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың тегін білім алуына, медициналық-психологиялық-педагогикалық жағынан түзелуіне жол бермейтін үлкен мәселе.

Мысалы, Алтынсарин ауданындағы 122 бала психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде және логопед пункттерінде оқуға ұсынылған. Аймақта бұл кабинет болмағандықтан тек 7 бала ғана Щербаков орта мектебі жанындағы түзеу сыныбында білім алады.

Жоғарыда аталған жағдай Қостанай облысында 271 бала көру қабілеті нашар, 724-нің тірек-қозғалыс мүшесі, 3 571-нің сөйлеу қабілеті бұзылған, 356-сы жүйке ауруларына шалдыққан кезде орын алып отыр. Бірақ, бұндай балалар үшін бүгінгі күнге дейін дербес түзеу мектептері ашылмаған.

Кемтар балалардың мектепке дейінгі және жалпы орта білім алуға құқықтары бұзылғаны анықталды.

Рудный қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан кәмелетке толмаған ағайынды Шамсутдиновтер балалар үйінің басшылығы тарапынан оларды оқу орнына жеткізу қамтамасыз етілмегендіктен, 2009-2010 оқу жылы басынан 5 ай бойы түзеу мектебіне бармаған.

Сонымен қатар, мүгедек бала И.В.Альгин Пешков орта мектебінде 8 сыныптың жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқиды деп тіркеліп тұр. Ал, шындығында 2009 жылғы қыркүйек-желтоқсан айларында балаға оқыту сабақтары өткізілмеген. Прокурорлар мұғалім заңсыз алған жалақыны өндіруге шаралар қолданды.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың бюджеттік төлемақы мен жәрдемақыларын алу құқықтары бұзылғандығының жеке фактілері анықталды.

Мысалы, облыстық прокуратура Қостанай қаласының ақыл-ойы кеміс балаларға арналған интернат-үйін тексеру барысында, 2009 жылдың тамыз айында Арқалық қаласындағы мамандандырылған балар үйінен келіп түскен тәрбиеленуші Д.Т.Көпеевтің банктегі жеке есеп шотынан мүгедектігіне тағайындалған төлемақылары есептен шығарылғанын анықтады.

Бұл дерек бойынша Арқалық қалалық прокуратурасы тексеру өткізіп мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері 2008 жылдың тамызы мен 2009 жылдың маусымы аралығында қамқоршы және қорғаншы органдарының келісімінсіз Көпеевтің жеке шотынан 171 мың теңгені алып, гигиеналық күтім, дәрі-дәрмек, функционалды төсек орын және тағы басқа құралдарды алуға, интернат үйіне баланы шығарып салған тәрбиеші мен медбикенің іссапар шығындарын өтеуге жұмсап қызмет бабын асыра пайдаланғанын анықтады.

Осы лауазымды тұлғамен қатар 3 тәрбиеленушінің қаржыға қол сұққандығы анықталды.

Аталған деректер бойынша құжаттар прокуратура өтініштерін тіркеу кітабында тергеу алды тексеруді өткізу және іс-жүргізу шешімін қабылдау үшін тіркелді.

Федоров ауданында еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін тексеру кезінде үйде оқытылып жатқан мүгедек балаларға бюджетте ескерілген әлеуметтік көмек айсайынғы төлемақылары жалпы сомасы 26,8 мың теңге 4 адамға төленбегені анықталды.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін барлық мекемелер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмейтіні, балалардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін жағдайда екені анықталды.

Автоматты өрт дабылдың жоқтығы не оның бұзылғаны Таран ауданының балалар аудандық ауруханасында, ақыл-ойы кемтар балаларға арналған Қостанай интернат үйінде, Қарасу ауданының №2 «Балапан» балабақшасында, Наурызым ауданының психолого-педагогикалық түзеу кабинетінде, Денисовский ауданының орта мектебінде анықталды. Қостанай қаласында №40, Қарасу ауданының №24 «Балапан» балабақшаларында және Арқалық түзеу мектебінде санитарлық-эпидемиологялық ережелердің және нормалардың сақталмауына жол берілгені анықталды.

Тексеру қорытындылары бойынша облыс прокуратурасы заңдылықты бұзуды жою туралы 30 ұйғарым енгізді, 28 әкімшілік іс, 1 тәртіптік өндіріс қозғады, заңсыз актілерге қатысты 2 наразылық енгізді, сотқа 1 талап-арыз берді.