Қостанай облысының Рудный қаласында гаражда болған өрт кезінде ер адам қаза тапты

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат -Қостанай облысының Рудный қаласында 11 қыркүйек күні сағат 08:32-де № 7 гараж қоғамында орналасқан гаражда өрт болды.

 Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

 Өрт сағат 08:47-де ауыздықталып, 09:00-де сөндірілді. Онымен күресте ҚР ТЖМ Қостанай облыстық ТЖД-нің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 10 адамы мен 2 техника бірлігі жұмылдырылды.

 Жалын тілі 2 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті сөндіру кезінде 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды.