«Қазіргі уақытта Қарамырза ауылында еріген қар суы барлық 35 үй мен аула аумағынан кетті. Барлық эвакуацияланған ауыл тұрғындары өз үйлеріне оралды»,-делінген хабарламада.
Сонджай-ақ онда ТЖД күштері мен құралдары Қостанай қаласындағы тұрақты орналасу орнына қайтарылғаны хабаранған.
Ауылда су тасқыны қаупі толығымен жойылды.
Осыған дейін Қостанай облысындағы Қарамырза ауылында бірқатар үйлерді су басқаны хабарланды.