Қостанай облысының Таран ауданында «Елімнің тағдыры - менің тағдырым!» аймақтық форумы өтті

None
АСТАНА. 24 наурыз. ҚазАқпарат - Наурыз мейрамында Қостанай облысының Таран ауданында «Елімнің тағдыры - менің тағдырым!» аймақтық форумы өтті, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің сайты «Назарбаев орталығының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Еліміздің тағдыры біздің қолымызда!» - бұл белгілі тұлғаларды, мемлекеттік органдарының өкілдерін, жұртшылықты және жастарды жинаған осынау салтанатты іс-шараның ұраны болды.

«Осының барлығы неден басталды? Әрине, өмірге деген белсенді ұстанымнан. Мен әрқашан ықыласты, ынталы және өнерпаз адамдарды қадір тұтатынмын... Сөйлеуден көрі істеуді қалайтын. Бесінші сыныпта оқып жүрген кезімде-ақ қоғамдық жұмыспен айналысатынымды шешіп қойған едім. Басында пионер жетекшісі болдым, сосын мектеп жылдары және студент болған кезімде комсомол ұйымдастырушысы болдым. Өз елімнің дамуына елеулі үлес қосқанымда ғана оған пайдам тиетінін сезінгенде, мен қоғамдық қызметкер боламын деп шештім», - деді өз ойымен бөліскен «Нұр Отан» ХДП Таран аудандық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары Айнаш Баймағамбетова.

Жастардың атынан сөз сөйлеген «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Диана Нашкенова тек Қазақстан азаматтарына ғана емес, бүкіл адамзатқа қатысты мәселелерді қозғады. Жас көшбасшы Жер бетінде бейбітшілікті және татулықты сақтауға ерекше назар аударды.

«Біздің республика - жүзден астам этностың тату тұруының үлгісі. Сонымен бірге, біз ядросыз әлемді қолдаймыз. Осыған дәлел - Президентіміз Н. Назарбаевтың АТОМ Жобасы атты жаңа халықаралық бастамасы. Жарқын болашағымыз үшін осы Жобаны қолдауға барлық адамдарды шақырамыз!», деп атап көрсетті ол.

Естеріңізге сала кетейік, аймақтық форум екі кезеңде өткізіледі: біріншісі - аудандық деңгейде; екіншісі - облыстық, Астана және Алматы қалалары деңгейінде. Елорда күні қарсаңында Астанада өткізілетін «Елімнің тағдыры - менің тағдырым!» екінші республикалық форумына қатысуға лайықты дегендері жолдама алады.