Қостанай облысының трассасында 9 көлік соқтығысты

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат- Қостанай-Әулиекөл тасжолында бірнеше автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қостанай-Әулиекөл трассасының 42-ші шақырымында 6 автокөлік соқтығысты. Барлық транспорт техникасы (жүк көлігі, тіркемесі бар КамАЗ, Нива, Audi, ВАЗ-2110 және Mercedes) Әулиекөл ауылына қарай бара жатқан. Жарақат алғандар жоқ»,- делінген ведомство таратқан хабарламада.

Ірі жол-көлік оқиғасына жолдың нашар көрінуі себеп болған. Өйткені, сол аумақта қураған шөп өртенген. Факті бойынша тергеу шаралары басталды.

Айта кетейік, дәл осы жолда біршама уақыттан кейін Қостанай қаласынан шыққан 3 автокөлік соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ.