деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Қостанай облысының Жітіқара ауданынан хат жолдаған Е.Жақыпов, Л.Паневина, Ю.Кирдянкина, Н.Долгиер өз хаттарында ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның төрағалық етуі тарихи маңызы зор оқиға болғанын зор мақтанышпен жазады.
Аталған облыстың Рудный қаласының тұрғындары А.Бейсенбаева, С.Романенко, Л.Тоқтабеков, М.Искаков және Г.Баландина құттықтау хаттарында ЕҚЫҰ Саммитінің нәтижелі өтуі мен Астана Декларациясының қабылдануы Елбасының қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болғанын атап көрсетеді.
Авторлар хат соңында Елбасын осы дәуірлік оқиғаны табысты өткізуімен құттықтап, алдағы уақытта да мемлекетімізді нығайту, елімізді дамыту жолындағы қызметіне табыс, зор денсаулық тілейді.