Автокөлік жүргізушісі ұсталған.
«Рульде Жангелдин ауданы Ақкөл кентінің 38 жастағы тұрғыны болды. Автомашинаны тексеру кезінде киіктің мүйіздері және 12-калибр патрондары табылып, тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде күдікті қылмысын мойындаған. Оның айтуынша, заңсыз аң аулап, 4 киікті атқан да, олардың мүйіздерін кесіп алған. Ал өлекселерін тастап кеткен. Полицейлер күдікті аң аулаған жерге барып, өлі жатқан киіктерді тапты», - деп мәлімдейді департамент өкілдері.
Ер адам аң аулайтын мылтығын өз еркімен тапсырған.
Ашық қылмыстық іс бойынша сараптамалар белгіленді.