ІІД баспасөз қызметінің ақпаратынша, бұл ағымдағы жылы құрамында есірткілік заттар бар болғандықтан мұндай өсімдіктерді заңсыз өсірудің, тыйым салынған күтіп-баптаудың бірінші анықталған оқиғасы.
Жедел-іздеу шараларының барысында күдікті азаматтың үйінің жатын бөлмесіндегі терезе алдындағы тақтайда пластмассалық ыдыстарға салынған 26 қарасора көшеті анықталған.
Күдіктіден ешқайда кетпеу қолхаты алынды.