Фёдоров ауданының тұрғыны өз қызымен үйінде болған. Ішімдік ішіп масаураған ол қызын зорламақ болған. Бұл ойын жүзеге асыра алмаған.
«Кейін інісін дүкенге жөнелтіп, 11 жасар қызына қайта тиісе бастаған. Қыз үйден қашып үлгерді», - деп хабарлады Қостанай облыстық прокуратурасының 2-ші басқармасының басшысы Қайрат Жүсіпов.
Күдіктіге қатысты үкім шығарылды. Ол ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлімінде және 120-бабы 4-бөлімінде қарастырылған қылмыс бойынша айыпты деп танылды.
Ол 15 жыл қатаң тәртіптегі түрмеде жазасын өтейтін болды. Ол өмір бойына белгілі бір лауазымды қызмет атқару және кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылды.