Төтенше оқиға Қарасу ауданында болған.
«Восток ауылындағы Советская, 57 мекенжайында орналасқан жеке үйдегі кереует жанып кеткен. Жалын 2 шаршы метр аумақты шарпыған. Кереует үстінде 1996 жылғы үй иесінің мүрдесі табылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.
Құтқарушылар өртті 17 минут ішінде ауыздықтады. Оқиға орнында аудандық №17 өрт сөндіру бөлімінің 3 қызметкері жұмыс істеді.