Қостанай облысының жаңа өкіл имамы таныстырылды

None
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Жақында Қостанай облыстық Марал ишан мешітіндегі жұма намазында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Ербол Сағиұлы сөз сөйлеп, тұшымды уағыз айтты.

«Ол, әсіресе жастардың нашар пиғылды дәстүрлі емес дінді насихаттап жүрген ағымдардан өздерін барынша аулақ ұстауын, ата анаға мен қарияларға құрмет, жастарға ізет көрсетудің қажет екенін баса айтты», делінген ҚМДБ мәліметінде. Сондай-ақ Ербол Сағиұлы облыстың бұрынғы өкіл имамы Серікбай қажы Ораздың Бас мүфтидің орынбасары болып тағайындалуына байланысты Бас мүфти Ержан Маямеровтың бұйрығын оқып берді.

Осы бұйрықпен ҚМДБ-ның облыстағы өкіл имамы және Марал ишан мешітінің бас имамы болып Асылхан Мұханбетжанұлы Түсіпбек тағайындалды.

Сонымен қатар ҚМДБ-ның мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Ербол Сағиұлы Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасовтың қабылдауында болды.

.