Қостанай облысы ІІД ЖПБ бастығы Өмірбек Сүлейменовтың айтуынша, бүгін жолдардағы полицейлердің тығыздығы елеулі түрде арттырылды. Тек облыс орталығының өзінде қосымша патрульдеуге 40 полиция қызметкері, ал облыс бойынша 100-ден астам полицей тартылды.
20:12, 09 Тамыз 2010
Қостанай облысының жол полициясы күшейтілген тәртіпте жұмыс істей бастады
ҚОСТАНАЙ. Тамыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін Қостанай облысында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.