Қостанай қаласы ІІБ тергеу бөлімінің бастығы Руслан Жұрқабаевтың айтуынша, оқиға 27 ақпан күні сағат 04:00 шамасында болған.
«Ұрылар дүкеннен 200 мың теңге ақшалай қаражатты қолды қылған. Қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері осы іске қатысты 3 күдіктіні анықтады. Олар сол күні ішімдік ішкен, нәтижесінде қылмыс жасау пиғылы пайда болған. Бүгінде олардың екеуі ұсталды. Тиісті шаралар қолданылуда», - деді Р. Жұрқабаев.
Белгілі болғандай, дүкеннің күзетшісі мен сатушысы жеңіл дене жарақаттарын алған. Сатушы сол уақытта дүкен ішін жинастырып жатқан. Ұрылар келген кезде есік ашық тұрған.
Полицейлер із-кесу шаралары барысында бұрын сотталған 23-24 жастағы ел азаматтарын ұстады. Күдіктілер дүкенді тонаған соң Чехов көшесіндегі үйлердің аулаларында жасырынған. Мұнан соң таксимен Абай көшесіне барады. Ақшаны сол жерде бөліске салған.
Қазір полицейлер үшінші күдіктіні іздеп жатыр.