Қостанай прокуратурасы 13 кәсіпкердің құқығын қорғады

АСТАНА. KAZINFORM — Қостанай облысының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында Қостанай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бақылау функциясын жүзеге асыру кезінде заң бұзуды анықтады.

Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторлары аттестатталуы тиіс.

Сонымен бірге, кәсіпкерлік субъектілеріне 13 тексеруді аттестатталмаған лауазымды тұлғалар жүргізгені, тиісінше олардың мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті емес екендігі анықталды.

Аталған тексерулердің нәтижелері бойынша нұсқамалар енгізіліп, әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша анықталған заң бұзу жойылды. Олардың қорытындылары бойынша енгізілген барлық 13 тексеру және ұйғарым жарамсыз деп танылып, күші жойылды, ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 13 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қалпына келтірілді.

Айта кетелік ШҚО-да 37 кәсіпкердің құқығы қорғалды