Қостанай прокуратурасы 655 жұмысшының жалақысын төлетті

None
ҚОСТАНАЙ. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай қаласының прокуратурасы еңбек қатынастары саласына күнделікті сараптама жүргізу барысында «Солтүстік-құс» АҚ-ында жалақыны төлеу бойынша жұмыскерлерге қатысты міндеттемелері орындалмағанын анықтады.

Облыстық прокуратураның өкілі Аббат Төремұратұлының айтуынша, 655 жұмыскер алдындағы жалақыға қатысты қарыз 13,5 млн. теңгеден асып жығылды.

Облыс орталығының прокуратурасы кемшіліктерді түзеу туралы хаттама толтырып, «Солтүстік-құс» АҚ басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Осыдан кейін жұмыскерлердің жалақысы толықтай төленді.