Қостанай прокурорлары жарты жылдың ішінде 22,7 мың азаматтың конституциялық құқын қорғады

АСТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - Ағымдағы жарты жылдың ішінде Қостанай облысы прокурорларының ықпал ету актілері бойынша 14 600 заң бұзушылық жойылды, мемлекет қазынасына 600 млн.теңгеден астам қаражат өндірілді, 2 300 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды.

15 қылмыстық іс қозғалып, 22,7 мың азаматтың конституциялық құқығы қорғалды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарланды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, прокуратурада құрылған жедел топтың арқасында 200 млн.теңгеден астам жалақы өндіріліп, 6 400 азаматтың еңбек құқығының корғалуы қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, прокурорлар 195 кәсіпкердің құқығын қорғады, 76 лауазымды тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын қадағалау жөнінде 816 заң бұзушылық анықталды, 194 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, мемлекет пайдасына 29,4 млн. теңге өндірілді. Жалпы облыстың барлық құқық қорғау органдарымен сыбайлас жемқорлық заңнамаларын бұзу бойынша 47 қылмыстық іс қозғалып, оның 41 немесе 87 пайызы сотқа жолданды», делінген баспасөз айғағында.