Қостанай прокурорының бұрынғы көмекшісі 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді

ҚОСТАНАЙ. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай қалалық прокурорының бұрынғы көмекшісі Данияр Бейсенбековке үкім шығарылды.

Оны бұзақылық туралы қылмыстық жаза бойынша газ-травматикалық қаруды қолданғаны үшін соттады. Бұрынғы заңгер жалпы режимдегі колонияда төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Бұрын хабарланғандай, өткен жылдың қазан айында түнгі клубтың қасында болған оқиға барысында Бейсенбеков қару қолданып, тапаншадан екі рет атып, екі адамды резеңке оқтармен жарақаттады.

Судья прокуратура қызметкері жасаған әрекеттерінің ерекше қаскөйлігі мен қауіптілігін атап өтіп, оларды мемлекеттік қызмет атқаруға сенімсіздік ретінде бағалады. Оның өкінушілігінің жоқтығын, әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігін, сондай-ақ қоғам мүддесін есепке ала отырып, сот баламалы жазалауды қолдану үшін негіз таппады. Сотталушы екінші кластағы заңгер шенінен айырылды. Бейсенбеков сот залында қамауға алынды.

Сот үкімі заңдық күшіне енген жоқ.