Арнайы үйретілген «Кан» атты қызметтік ит бұл азаматты «есірткі тасымалдаушы» ретінде көрсетті. Шындығында да ұсталған азаматты жеке тексеру нәтижесінде оның күртешесінің оң жақ ішкі қалтасынан салмағы 8-10 грамм болатын «марихуана» есірткісі табылды. Айғақтық заттар иесімен бірге Қарабалық аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды.
17:08, 03 Қаңтар 2016
Қостанай шекара отрядындағы қызметтік ит есірткі алып өтпек болғанды ұстап берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай шекара отрядының «Қайрақ авто» шекаралық-көліктік бақылау бөлімшесінде жаңа жылдың алдында, яғни 31 желтоқсан күні сағат 16.10-да «Рудный - Челябинск» бағытымен кетіп бара жатқан жолаушылар автобусын тексеру барысында, шекарашылар Александр есімді 22 жастағы Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.