Қостанай станциясының бастығынан пара алған сардар 3 жылға сотталды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының №2 сотында Қостанай облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық қылмыстарды тергеу қызметінің сардары Сұлтан Қозбақовқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қозбақов жалған мәліметтерді алға тарта отырып, Қостанай станциясының бастығы Бауырдан Тәнкеевті өзіне ірі көлемде пара беруге мәжбүрлеген.

Осыған дейін хабарланғанындай, Тәнкеевке қатысты «тексеру» шаралары жүріп жатқандығы жөніндегі ақпаратты сардар оның адвокаты Ерлан Мұхамеджанов арқылы жеткізген және ол параны беру барысында делдал қызметін атқарды.

Бұл ретте Мұхамеджанов Тәнкеевтен 5 млн теңге алып, оның 2 млн теңгесін өзі иемденіп алған. Осы оқиғадан кейін бірнеше күнен соң, яғни, 14 ақпан күні Қозбақов пен Мұхамеджанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдары тарапынан ұсталған соң Тәнкеев өзіне қол жұмсады.

Қозбақов сот үкімімен алаяқ деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.