«13 маусымда шамамен сағат 23.00-де «Қостанай-Рудный» автожолында, «Қонай» шағын ауданының маңайында 36 жастағы жүргізуші «Tayota Rav 4» автокөлігімен Рудныйдан Қостанайға қарай бара жатқанда жолдың жүретін бөлігінен өтіп бара жатқан 60 жастағы жаяу жүргіншіні басып кетті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан алған жарақаттарынан жүргінші оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес соталды тергеу жүргізіліп жатыр.