«Қостанай-Рудный автожолында Audi, Lada Granta, Kia, Nissan, ВАЗ-2114 және ВАЗ-2106 көліктері соқтығысты. Айта кетерлігі автокөліктердің барлығы Рудный қаласына бара жатқан. Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Көлік жүргізушілері арнайы медициналық сараптамадан өтті. Зардап шеккендер жоқ», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Алдын ала болжам бойынша, көліктер жолдың нашар көрінуінен соқтығысуы мүмкін. Себебі, жол жиегіндегі шөп жанып, аумақты түтін басқан.
Ирина Беженарь жол-көлік оқиғасының нақты себептері кейінірек хабарланатынын айтты.