«Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі мәйіттің табылу фактісі бойынша 41 жастағы Қостанай тұрғыны Фролов көшесінің бойындағы үйдің 8-қабатынан секіріп, өз-өзіне қол салғанын хабарлайды», - делінген полиция хабарламасында. Ведомстводан атап өткендей, ол алған жарақатынан көз жұмған. Ер адам оқиға орнында қаза тапты. Сәйкес сараптама тағайындалды.
22:28, 07 Маусым 2023
Қостанай тұрғыны 8-қабаттан секіріп, мерт болды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат — Қостанай тұрғыны 8-қабаттың терезесінен секіріп, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтемемен.