Соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қарасу ауданы Комсомольский кентінде айыпталушы түскі ас уақытында ішімдік ішіп алып, ұйықтап қалады. Осы уақытта құрбыларымен 26 жастағы қызы келеді. Олар арақ ішіп, дауыстары қатты шығып, әңгімелесіп отырған. Шудан үй иесі оянып кетіп, қызына ескерту жасайды. Осыдан кейін қызы екеуінің арасында ұрыс-керіс басталып кетеді. Дауыс көтеру, бір-бірін балағаттаудың арты төбелеске ұласады.
Қызының ауыр сөздерін көтере алмаған ер адам асханадан пышақ алып, бойжеткеннің кеуде тұсына сұғады, ол оқиға орнында көз жұмады.