«Оқиға орнына келген полицейлер мен мүдделі қызметтер жарылғыш затты таппады», - деп хабарлады облыстың ІІД баспасөз қызметінде.
«Ер адамның мас болғаны, осылайша «әзілдегісі» келгені анықталды. Жалған хабарлама фактісі негізінде ҚР ҚК 273 бабы бойынша соталды тергеу басталды.
Санкция 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті және айыппұлды көздейді.
16:35, 12 Сәуір 2017
Қостанай тұрғыны өзінің пәтеріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлады
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Қостанай тұрғыны полицияға қоңырау шалып, өзінің пәтеріне жарылғыш зат қойылғанын айтты, - деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.