Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады. Оқиға Қостанай қаласында болған.
«Баймағамбетов көшесіндегі жеке тұрғын үйде пеш жапқышының жабылып қалуы салдарынан 1967 жылы туған әйел табиғи газға уланып, көз жұмды»,- дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Құтқарушылар тұрғындарды пешті қолданар кезде барынша сақ болуға шақырады.