«Балам, егер сен мені көріп не естіп отырсаң, хабарласшы. Байланысқа шық. Қандай жағдай болса да, біз сені күтеміз», - делінген анасының бейнежазбасында.
Еске салсақ, 23 жастағы Елдос Дәуренұлы Дүйсенов 20 қаңтарда үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Қостанай қаласы ІІБ «Оңтүстік» бөлімінің полицейлері жас жігітке қатысты қандай да ақпарат білетіндердің 8702-492-99-92, 8 747-655-21-63, 52-68-61 немесе «102» нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.