Қостанай тұрғыны жуынатын бөлмесінен жылан тауып алды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Полицейлер Қостанай тұрғынының ваннасынан жылан алып шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қазанда «102» пультіне Қостанай тұрғынынан ванна бөлмесінен жылан табылғаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Асқар Ментаев пен оның әріптесі Серік Малғаждар келді.

– Өтінішті алғаннан кейін біз мекенжайға келдік. Онда ұзындығы 20-25 сантиметр болатын жыланды таптық. Оның қайдан пайда болғанын анықтап жатырмыз, ол біреулердің үй жануары болған тәрізді. Қазіргі уақытта иесін іздеп жатырмыз. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері де келді, – деді учаскелік Асқар Ментаев.

Кейіннен мамандар ұсталған жыланның кәдімгі су жылан екенін айтты.

Полицейлер жыланды қаладан алып шығып, табиғи ортаға шығарды.

Қазан-қараша айларында сужыландар әртүрлі шұңқырлар мен саңылауларға еніп қыстайды.


Фото: polisia.kz