Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті республикалық «Біз біргеміз» акциясына үлесін қосуда. Атап айтқанда, «УК 161-2» түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер екі айдың ішінде 80 мыңнан астам маска және 400-ге жуық қорғаныш костюмін тіккен.
«Цехта тәулігіне 1000-нан астам маска тігіледі. Өнім сертификаттаудан өткен. Аллергия және шаң-тозаңнан қорғау талаптарына сай. Жұмыс барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық жауапкершілік қатаң сақталады. Жазасын өтеушілер маскаларды мұқтаж жандарға көмек ретінде үлестіріп беруде. Түзету мекемесіндегілер облыстық психо-неврологиялық балалар интернатындағы тәрбиленушілерге 150 маска тігіп берді. Қоғамды қауіпті індеттен қорғау үшін жасалып жатқан жобаға жазасын өтеушілер өз еріктерімен атсалысуда», - дейді департаментті бас маманы Жанна Құсымбаева.
Елде шектеу шараларының енгізілуіне байланысты қылыстық атқару жүйесінің барлық құрамы күшейтілген режимде қызмет етуде. Мұндағы мәдени шаралар уақытша тоқтатылды. Ал жазасын өтеушілер туыс-туғандарымен телефон арқылы хабарласып, бейнебайланыс жүйесімен сөйлеседі.