Қостанайда 10 жасар бала із-түзсіз жоғалып кетті

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда 10 жасар мектеп оқушысына іздеу салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сурен Авагянның жоғалғаны туралы агенттік тілшісіне еріктілер хабарлап айтты. Ол бүгін 12:00-де Затобол ауылындағы үйінен шығып кетіп, әлі оралмаған. Ата-анасының айтуынша, үйінен шыққанда өзімен қалта телефоны болмаған.

Сурен Авагян көк түсті спорт шалбары мен қаракөк кроссовка киіп шыққан. Жасыл жолағы бар қара түсті бас киімі болуы мүмкін.

Баланың әпкесінің айтуынша, туыстары алдымен полицияға хабарласқан. Кейін іздеу жұмыстарына өздері де кіріскен.

Қандай да ақпаратқа ие адамдар 8 707 197 18 48 немесе 102 нөмірлеріне хабарласа алады.  

Соңғы жаңалықтар