Қостанай облысы Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ҚР ҰҚҚ шекара қызметі, мемлекеттік кірістер органдарымен өзара бірлесіп, «Газель» маркалы автокөлігін ұстады.
«Көлікті 1991 жылы туған ҚР азаматы басқарған.
Автокөлікті тексеру барысында 5 литрлік ыдыстарға құйылған сұйықтық анықталып, тәркіленді. Спирт қосылған сұйықтықтың жалпы көлемі – 1000 литр. Аталған факт бойынша суррогаттық алкоголь өнімін жасауға қатысты тексеру шаралары жүргізілуде»,- делінген ведомствоның ақпаратында.
Қазір мемлекеттік кірістер органы «Газель» жүргізушісін әкімшілікке жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ тәркіленген спирт өнімі денсаулық сақтау басқармасының қажеттілігіне жіберілді.