Қостанайда 11 келіден артық есірткі тәркіленді
ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, таяу күндері Қостанай қаласындағы көшелердің бірінде «күдікті» сөмке ұстаған 36 жастағы тұрғын ұсталды. Сөмкенің ішінен 9 келіден астам марихуана табылды. Қашар кентінде 12 грамм салмақта героин сақтаған 38 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Биыл есірткі заттарының құрамы бар өсімдіктерді өсіруге тыйым салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл факт Қамысты ауданында тәркіленді. Ол жерде 42 жастағы тұрғынның үйінің ауларында көкнәрдің 21 кесегі анықталып, тәркіленді.
Қостанай облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, жылдың басынан бері есірткі бизнесімен күрес құрылымы есірткі қылмысы мен құқық бұзушылықтың 280 фактісін анықтады, оның ішінде 201 оқиға есірткі сатумен байланысты болды. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 101 келіні құрайды.