«Қарасу ауданының Восток ауылында 11 жастағы баланың мүрдесі табылды. Осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Арнайы жедел-із кесу тобы құрылды. Оның құрамында Қарасу аудандық ІІБ мен облыстық ІІД-нің тәжірибелі қызметкерлері бар»,- деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Ведомствода мәлім етілгендей, бұл факті ІІД қызметкерлерінің толықтай бақылауына алынды. Басқа деректер белгісіз.