Тергеу деректеріне қарағанда, олар 2024–2025 жылдары өздеріне бағынысты төрт компанияның — «Союз-Костанай» ЖШС, «Экспресс Тенге» ЖШС, «Express Gold» ЖШС және «Express.com» ЖШС-нің жұмысын ұйымдастырған.
Бұл желі негізінен облыстың аудан орталықтары мен кенттерінде жұмыс істеген. Клиенттерге банктер мен өзге де қаржы ұйымдарына жүгінбей, зергерлік бұйымдарын кепілге қойып ақша алу ұсынылған.
Іс жүзінде комиссиялық сауда деген желеумен азаматтарға мүлкін кепілге қою арқылы ақша берілген. Берілген ақшаны пайдаланғаны үшін күн сайын 0,4 пайыз мөлшерінде сыйақы алынған.
Алайда клиенттермен жазбаша қарыз шарттары жасалмаған. Мәмілелерді заңды комиссиялық қызмет ретінде көрсету үшін бірқатар формалды құжат рәсімделіп, оларда сыйақы тауарды сатуды кейінге қалдырғаны үшін алынатын комиссия немесе оны сақтағаны үшін төлем деп көрсетілген.
Екі жыл ішінде олардың қызметін 1 600-ден астам азамат пайдаланған. Заңсыз қызметтен түскен кіріс 579 миллион теңгеден асқан.
Сот екеуін де мүлкін тәркілей отырып, 2 жылға бас бостандығынан айырды. Тәркіленген мүліктің қатарында бес пәтер, үш автокөлік және екі жер телімі бар.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетелік СҚО-да заңсыз микроқаржылық қызметпен айналысқан тұрғын сотталған еді.