Қостанайда 17 жастағы бозбала із-түзсіз жоғалып кетті

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 17 жасар бозбала жұмысқа шығып кетіп, оралмаған деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Евгения Нефедов 6 қараша күні таңертең Красный Партизан ауылындағы үйінен жұмысқа шығып кеткен. Бұл туралы әлеуметтік желілерде оның əпкесі Елена Федорчук жазды. Оның сөзінше, тәртіп сақшылары іздеуге кеше кіріскен.

Бозбала қара-көк күрте, қара шалбар, қара түсті бас киім және бәтеңке киген.

Евгения Нефедов туралы әлдебір ақпаратқа ие болсаңыз мына телефондарға хабарласыңыздар: 8-747-438-35-11 және 102.