Адам мүрдесінің табылғаны туралы ақпарат ТЖД-ның кезекші-диспетчерлік бөліміне түскен.
«Қостанайдағы Солтүстік-батыс ауданында, «Юбилейный» тұрғын үй кешенінің маңындағы траншеядан (газ құбырын тартуға арналған) 1997 жылы туған ер адамның денесі табылды. Одан зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері табылған жоқ», - делінген ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Көз жұмған жігіт газ құбырын тарту бойынша ЖШС-лардың бірінде жалдамалы жұмысшы болып істегендігі анықталды. Ол Затобол ауылында тұрған. Тергеу шаралары жүргізілуде.