Белгілі болғандай, 21 жастағы Тарас Сердалов 22 қараша күні суицидке барған. Оқиға Қарабалық ауданының Гурьянов ауылында болды.
«Тарас Сердалов осы жылдың наурыз айында ұрлық ісі бойынша сотталды. Дегенмен, рақымшылық туралы заңға байланысты қылмыстық жазадан босатылды. Ол тамыз айында тағы да тәртіп сақшыларының назарына ілікті», - деді ІІД баспасөз қызметі.
Бұл жолы Тарас Сердалов өз ауылының тұрғынымен келіспеушілік салдарынан төбелес шығарады. Сердалов соққы жасаған соң, ер адам төсемтасқа (брусчатка) баспен құлаған. Сот-медициналық сараптамасына сәйкес, ол жәбірленушіге ауыр дене жарақаттарын салған. Ауыл тұрғынының әлі күнге дейін тілі икемге келмейді, есінен айырыла береді.
Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындады. Бірақ, төбелесті жәбірленушінің бірінші бастағанын алға тартты. Сот екі тараптың пікірін қарады. Сердалов жапа шеккен отбасыға сот үкімі шықпай тұрып-ақ материалдық шығын төледі. Жас жігітке пробациялық бақылау орнатылып, төрт жылға бас бостандығын шектеу туралы жаза тағайындалды.
Осындай тізбекті тәртіпсіздіктерден соң Тарас трагедиялық шешім жасағанға ұқсайды. 22 қараша күні 21 жастағы жігіт өзінің гаражында асылып, жантәсілім етті.
Қазіргі кезде «Өзіне қол салуға итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.